background

  

 

           Национальная Ассоциация Проектировщиков Республики Казахстан

 

 

 

 

 

  ҚАЗ РУС
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ –
жобалау, іздестіру, ғылыми саласында қызмет көрсетумен  жұмыстарды орындау, сондай-ақ құрылыс материалдарымен, конструкциялар және жабдықтармен қамтамасыз етумен немесе олармен аралас салаларда тікелей айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің кәсіптік коммерциялық емес бірлестігі.

Қауымдастықтың құрылған күні-2010 жылдың 27 қаңтары.

Қауымдастықтың басым міндеті жобалау-іздестіру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, жобалау қоғамдастығын шоғырландыру және сала көзқарастарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында жүйелі сипаттағы мәселелерді ілгерілету болып табылады

 
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Жобалау және іздестіру қызметінің тұрақты дамуына жәрдемдесу, Қауымдастық мүшелерінің  
  шығармашылық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдай жасау.
- Мемлекеттік басқару органдарында, жергілікті атқарушы органдарда және қоғамдық бірлестіктерде
  Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау.
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша
  заңнамалық қызметке қатысу.
- Мамандар мен басшылардың кәсіби дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
- Жобалаушылар мен ізденушілердің мәртебесін арттыруға жәрдемдесу.
- Жобалаушылар мен ізденушілердің кәсіби қоғамдастығындағы өңіраралық және халықаралық
  байланыстарды кеңейту.