background

  

 

           Национальная Ассоциация Проектировщиков Республики Казахстан

 

 

 

 

 

  ҚАЗ РУС
Кіру тәртібіline

Қазақстан Республикасы Ұлттық жобалаушылар Қауымдастығының құрамына заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қабылдау тәртібі

Жарғының және Құрылтай шартының ережелерін мойындап орындайтын, сондай-ақ кіру және мүшелік жарналар енгізген заңды тұлғалар мен жобалау, іздестіру, ғылыми бизнес саласында және олармен шектес салаларында қызмет көрсетумен тікелей айналысатын жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалаушылар Қауымдастығының (ҚР ҰЖҚ) мүшесі бола алады.

ҚР ҰЖҚ мүшелігіне қабылдау тәртібі кезең-кезеңімен:
1 ҚАДАМ
Заңды тұлға / жеке кәсіпкер Атқарушы дирекцияға Қауымдастық құрамына кіру үшін құжаттар топтамасын жібереді:
1. Компанияның бірінші басшысының атынан өтініш (белгіленген үлгіде)
2. Сауалнама (белгіленген үлгіде)
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған)
4. Мемлекеттік лицензияның көшірмесі (ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған)
Құжаттар пакетін электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе әдеттегі пошта арқылы мына мекен-жай бойынша жіберуге болады: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 81

2 ҚАДАМ
Құжаттар пакетін ҚР ҰЖҚ басшылығы қарайды.
Атқарушы директор жазбаша түрде жауап жібереді (электрондық пошта арқылы)
Қарау мерзімі: 3 жұмыс күнінен аспайды

3 ҚАДАМ
Жобалаушылар Қауымдастығына қабылдану үшін Компания кіру және мүшелік жарналарды төлеуі қажет. Кіру жарнасы біржолғы болып табылады, мүшелік жарналар жыл сайын төленеді.
1. Кіру және мүшелік жарналарды төлеуге арналған шот электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жарналардың мөлшері туралы ақпарат әрі қарай көрсетілген.
2. Төлем туралы растауды (төлем тапсырмасын немесе түбіртекті) Атқарушы дирекцияға электрондық түрде жіберу қажет

4 ҚАДАМ
ҚР ҰЖҚ толық құқықты мүшелік туралы куәлікті дайындап беру
Орындау мерзімі: жарналар түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні

Кіру жарнасы:

03.03.2022 ж. дейін бір жолғы кіру жарнасынан босату түрінде ҚР ҰЖҚ жаңадан қабылданатын мүшелері үшін мораторий енгізілді

Мүшелік жарналар (жыл сайынғы):
ЖК – 50 АЕК
ЗТ – 1 АЕК*1қызм (бірақ 50 АЕК-тен кем емес)

ҚР ҰЖҚ мүшелігіне кіру тәртібіне қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Атқарушы директор: БЕККУЛИЕВА КАДИША МУСАҚЫЗЫ
Тел: +7 707 830 10 66
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

            Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

line