background

  

 

           Национальная Ассоциация Проектировщиков Республики Казахстан

 

 

 

 

 

  ҚАЗ РУС
Қазақстан Республикасы Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының тарихыline

2010 жылғы 27 қаңтарда құрылтай жиналысымен «Қазақстан жобалаушылар Қауымдастығы» Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің Республикалық бірлестігі құрылды.

Қауымдастық кәсіби қызметі әртүрлі мақсаттағы және олармен шектес салалардағы құрылыс объектілерін іздестірумен және жобалаумен байланысты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді біріктіреді.

Кәсіби бірлестікті құру қажеттілігі құрылыс саласындағы жобалау-іздестіру қызметінің маңыздылығы мен беделі жетекші ретінде танылуы тиіс екендігіне негізделген.

Қауымдастықты құруға келесі мақсаттар негіз болды:
- жобалаушылар мен ізденушілердің кәсіби құқықтары мен ортақ мүдделерін білдіру және қорғау;
- жобалаушылар мен ізденушілердің экономикалық және техникалық әлеуетін арттыру;
- мемлекеттік басқару органдарының шешімдерін әзірлеуге, оның ішінде ҚР кәсіпкерлерінің мүдделерін               қозғайтын мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.